Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 11 қарашада президентікке кандидаттар арасында өтетін дебатқа қазіргі президент әрі үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге қатыспайтынын түсіндірді. – Біріншіден, қазір президент өз өкілетін жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент болу мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру. Екіншіден, дебатқа штаб атынан басқа өкілдің қатысуы ешбір сайлау заңына