Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Кездесуде компанияның биылғы он айдағы жұмыс нәтижелері, геологиялық барлау бағдарламасы және жалпы құны 16,7 трлн теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап. 26 жаңа ұңғыма бұрғыланады Асхат Хасенов Мемлекет басшысына ұлттық компанияның қаржылық жағдайы тұрақты екенін баяндады. …