Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Игорь Сон 2030 жылға дейін спорттан шеттетілді. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді. Ұлттық орталық деректеріне сүйенсек 24 жастағы спортшының допинг-сынамасынан синтетикалық анаболикалық метастерон стероиды анықталған. Айта кетерлігі, бұл спортшының мансабындағы алғашқы допинг дауы емес. 2015 жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионатынан шығарылған еді. Алайда кейін допинг-препараттардың ағзасына