10 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды. Мемлекет басшысының Анкарадағы екі күндік сапарында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда …