Фото: видеодан скрин Қазақстандық жолаушылар халықаралық стандарттарға сай емес теміржол қызметі үшін неліктен қымбат билет сатып алуға мәжбүр. Әлеуметтік желіде пойыз ішіндегі сапасыз сервиске қатысты кезекті дау бұрқ ете қалды. Желі қолданушылары пойыздардағы интернеттің нашарлығын, вагондардағы мүлдем қосылмайтын, істемейтін «өлі» экрандарды және бағаның сапаға сәйкес келмейтінін айтып, наразылық білдіруде. Жолаушылар тарапынан: «Қашан біз төлеген ақшамызға лайықты жағдайда жүреміз? «Штадлер» (Stadler) вагондары қашан іске қосылады?» деген ашулы сұрақтар қарша борады. Жолаушылардың бұл уәжіне Ұлттық тасымалдаушы өкілдері ресми жауап берді. «Starlink пен OneWeb сынақтан...
«Төлеген ақшамызға лайық жағдай қашан болады?»: ҚТЖ қызметі қызу талқыланды
Жаңалықтар