Бүгін қаланың 19 көшесі мен 2 саябағы қазақшаланды. Осылайша солтүстік өңірдің қаласы елдегі бірінші толық қазақшаланған мақтанышқа айналды. Қала төрінен Жанатай батыр Ақанұлына көше берілді. Жанатай батыр - қалмақ-жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтың хас батырлары Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Батыр Баяндардың үзеңгілес серігі болған. Ел басына қауіп төнген қасіретті заманда қайсар рухымен, қайыспас жігерімен, қажыр-қайратымен ер