Қызылордада 3 жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды деп хабарлады turkystan.kz қалалық Төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап. Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде. …