Әлеуметтік желіде той үстінде айтылған бірнеше минуттық сөз қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Өз сөзінде музыканы шектеуге, ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызуға шақырған қонақтың пікірі жұртшылық арасында қызу талқыланды. Дауға қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми ұстанымдарын жариялады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.