Біздің елде мәйіттік донорды азаматтар қолдай бермейді. Бұл салада Беларусь Республикасы мықты, тіпті арнайы заң шығарған. Мемлекет азаматтар трансплантацияны қолдауы үшін ағарту саласына көбірек мән береді. Олардың Қазақстаннан қандай артықшылығы бар? Біздің елдегі жағдай қандай? Бұл сауалдарға Беларусь мысалы бойынша жауап береміз. Алматыда Қазақстан хирургтерінің «Хирургияның және трансплантологияның өзекті мәселелері» деген III съезі өтіп жатыр.