Степногорскте жаяу жүргіншілерге арналған жолда қауіпті шұңқыр пайда болды. Оқиға 3 және 5-шағынаудандар арасындағы учаскеде тіркелген. Күн сайын халық жүретін жерде плитка опырылып, астында терең қуыс қалған. Куәгерлердің айтуынша, бұл жер ешқандай қоршаусыз, ескерту белгісінсіз тұр. Жақында осы шұңқырға велосипед мінген адам түсіп кеткен. Абырой болғанда, ауыр жарақат тіркелмеген, бірақ қауіп әлі де сақталып отыр....