Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баланы аяусыз соққыға жығып, асфальтқа басын ұрғылаған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған хабарламадан белгілі болғандай, 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңғайында жанжалдасып қалады. Оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастаған. «Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық …