Немересін жетектеген қария аудан әкімінің қабылдауына келді. Хатшы қыз қуырдақ жеп отырғандай, аузы сүйреңдеп: – Әкімге жәйша келдіңіз бе?–деп сұрады. – Немереме түкіртейін деп едім. – Түкіргені қалай?–деп таңданды хатшы қыз. – Өскенде әкім сияқты әкім болсын деп. – Жо–жоқ, болмайды! Ол кісінің түкірігі бос емес. Ой, өзі бос емес. – Түкіртемін де шығамын. – […]