Шымкентте тұмау мен жіті респираторлық инфекцияның эпидемиологиялық маусымы басталғалы бері аурудың алдын алу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, 15 қыркүйектен бастап тұмаудың алдын алу мақсатында вакцина салына бастады. Қазіргі таңда 119 мыңға жуық адамға аталған екпе салынған.