Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді. Дін басшылары ереже жазылған құжатқа қол қойды. Нәтижесінде кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды. «Қадірлі бауырлар! Бүгін өздеріңізбен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мұсылмандар басқармаларының басшылары осы қалада ережені бекітіп, қол қойылды.