Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны күн санап артып барады. Соңғы дерек бойынша 23 700 адамнан асқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Түркияның өзінде зілзаладан көз жұмғандар саны 20 213 адамға жеткен.