Соңғы бірнеше аптада түрік полициясы мекемелер мен кәсіпорындарды текстеріп, мыңдаған заңсыз мигрантты ұстады. «Ahaber»телеарнасының хабарлауынша, кейінгі айда түрік полициясы елдегі заңсыз мигранттарды анықтау мен ұстау мақсатындағы рейдтерді көбейткен. Әсіресе Стамбұл қаласы мен туристік аймақтар тексеріліп жатыр. Соңғы екі күнде 18 мигрант ұсталды. Бір айда 15 мыңнан астам заңсыз мигрант ұсталды. 6 мыңға жуық адам депортацияланды.