Түркияның Адыяман провинциясында жер сілкінісінен 212 сағат өткен соң 77 жастағы әжей қоқыстың астынан шығарылды, деп хабарлайды Anadoly агенттігі. Фатма Гюнгер провинцияның әкімшілік орталығындағы құлаған ғимараттың қирандыларынан құтқарылды. Әжей шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оның туыстары құтқарушыларға шын жүректен алғыс айтты. Түркиядағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Президент Режеп Тайып Ердоған апат құрбандарының рухына