Түркияның оңтүстік-шығысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Табиғи апаттарды жою жөніндегі басқарманың (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясында сағат 10:05-те тіркелді. Зілзала ошағы 22,17 км тереңдікте орналасқан.