Түркиядағы президент сайлауында дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысы бойынша ешбір үміткер 50 пайыз жинай алмаған. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркиядағы президент сайлауында берілген дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысында кандидаттардың қажетті 50 пайызды жинай алмағаны анықталды. Белгілі болғандай, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинады. Түркия