Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан барған халықаралық бақылаушылар Түркияда өткен президент сайлауын толықтай әділ әрі еркін өтті деп есептемейді. Бақылаушылардың сайлаудың екінші туры туралыесебіндесаяси науқан барысында билік басындағы үміткерге жақтасу мен сайлаушыларға қысым көрсету, соның ішінде мемлекеттік БАҚ тарапынан да ықпал ету болды деп жазылған. ЕҚЫҰ сайлаудың өзін ұйымдастыру демократия ережелеріне сай келетінін, сайлаушылар