Түркияның солтүстік-шығысындағы Гюмюшхане қаласында магнитудасы 4.2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою агенттігі (AFAD) мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі жергілікті уақытпен 06:09-да Келкит ауданында болған. Жер сілкінісінің ошағы 5,9 шақырым тереңдікте орналасқан. Қираған ғимараттар жайлы немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. фото: ашықдереккөзThe post Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі болды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар
































