Түркиядағы жер сілкінісінен 105 мыңнан астам ғимарат зардап шеккені анықталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісіTRT Haberарнасына сілтеме жасап. Қоршаған ортаны қорғау, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігінің мәліметінше, барлығы 830 783 ғимарат сараптамадан өткен. Сараптамалар барысында 105 мың 794 ғимарат қатты бұзылып, шұғыл бұзуды қажет ететіні анықталды. Тағы 24 мың 464 ғимараттың орташа зақымданғаны, 205 мың 86 ғимараттың