11 ақпанда Түркиядағы зілзаладан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денесі Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Хатай провинициясы Антакия қаласындағы үй құлау салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. СІМ қаза тапқандардың денесін Отанына жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді.