Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа твиттер желісінде тұрғындарды алаңдатқан эпидемия қаупіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Министр аймақтағы індет қаупіне қарсы «Алдын ала ескерту жүйесі» арқылы синдромдық бақылау іске қосылғанын айтты. Осы зерттеудің арқасында қауіп төндіруі мүмкін инфекциялар туралы деректер ерте кезеңде жиналып, талданады. «Алдын ала ескерту жүйесі» барлық аймақта белсенді жұмыс істейді.