Жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын алматылықтардың үштен бірінен астамы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін пәтерден жер үйге көшуді ойластыра бастады, деп хабарлады Zakon.kz. Айта кетсек, OLX.kz онлайн жарнама сервисінің сарапшылары Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығына шолу жасаған. Зерттеу барысында «пәтер» және «үй» санаттары бойынша ұсыныс нарығы шамалы өскені, сондай-ақ бастапқы тұрғын