1 маусымнан бастап Түркияға кіру үшін ПТР-тест талап етілмейді. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі жағдайды бағалай отырып, 1 маусымнан бастап елге кіру үшін барлық шекара пункттерінде ПТР-тесттің және 48 сағат бұрын тапсырылған экспресс-тесттің теріс нәтижесі талап етілмейді», – делінген хабарламада.