Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар. ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан аса түрі бар. Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық