Түркіменстанда Мары уәлаятында жергілікті билік мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда істейтін әйел жұмысшыларға «қарапайым киінуге» кеңес берді. Шенеуніктер мұндай ережені бұзған әйелдер жұмыстан шығарылатынын ескерткен. «Әйелдерге тырнақ ұзартуға, жалған кірпік жапсыруға, шашты жарқын түстерге бояуға, ашық әрі тар киім киюға тағы тыйым салып жатыр. Бұған қоса, әйелдерге жұмысқа алқа, жүзік секілді әшекейлер тағып келуге рұқсат жоқ.