Қаржылық мониторинг агенттігі Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстаған. Бұл агенттік қызметкерлерінен бөлек, көлік прокуратурасы, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.