Түркістан облысында 113 елдімекенде таза ауыз су жоқ. 89 ауылда су тарату нысандары санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдаланылуға берілген. Бұл заңбұзушылықтар облыс прокурорларының тексеруі кезінде анықталды деп хабарлады turkystan.kz Жетісай ауданында су тазартқыш мембрананың жұмыс істемеуінен тұрғындарға тұзды су беріліп келген. Ал Қазығұрт ауданында санитарлық қорытындылары жоқ су құбырларымен су таратылған. Яғни жұрт сапасыз, тазартылмаған су ішкен. …