Түркістан облысында 19 жастағы бойжеткен сүйіктісінің көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Қайғылы жағдай Сайрам ауданында болған. Кешкісін жұмыстан қайтқан Дильмураны жігіті алып кеткен екен. Бірақ бойжеткен сол күйі үйіне жеткен жоқ.