Түркістан облысында 7 жасар қыз алюминий флягаға түсіп, өздігінен шыға алмай қалды деп хабарлады turkystan.kz Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде көмекке келген. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары оқиға орнына арнайы құралдарын алып барған. Олар фляганы тігінен кескен, темірді керіп тастайтын аппаратты да қолданған. Осылайша, кішкентай бүлдіршінді аман-есен алып шықты. Посмотреть эту публикацию …