Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Алдын ала ақпарат бойынша шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су