Облыстың оңтүстік аймақтарында көмірге сұраныс күрт өскен. Жалпы өңірде қатты отынның қажеттілігі 900 мың тоннадан асқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде отынның 90%-ы тасымалданған. Қосымша 200 вагон көмір жеткізіледі.