Түркістан облысында жәбірленушілерге 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрылары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдіктілер қылмыс жасар алдында өз рөлдерін жоспарлап, бөліп алған. Мәселен, басты күдікті жайылымда қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда, өзінің ұсақ малдарына қосып, айдап әкетіп отырған. Ал, екі сыбайласына ұрланған төрт түлікті арзанға сату міндеттеліпті. «Келес аудандық полиция бөліміне арызданған […]