Түркістан облысының Қазығұрт ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше елді мекенде сел жүрді. Әсіресе Қосағаш ауылында жағдай қиындап, лай су көшелермен ағып, тұрғын үйлердің аулаларына кірген, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қосағаш ауылының тұрғындары әлеуметтік желілерде сел жүрген сәттің видеоларын жариялады. Кадрлардан лай судың ауыл көшелерімен қатты ағып жатқанын көруге болады. Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, сел 1 …