2022 жылғы 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды. Енді апаттан зардап шеккендерге бюджеттен көмек беріледі деп хабарлады turkystan.kz. Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау …