Түркістан облысында «Жеті тандыр» дәмханасы өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Қызыл жалын қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған. «Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. …