Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша XIV республикалық пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтіп жатыр. Олимпиада жаңа бағыттағы 30 жобамен ерекше. Тартысты доданың бірінші күні қатысушы командалардың жалпы ереже бойынша өз атауын, ұранын, эмблемасын таныстырумен басталды. Одан әрі таңдалынған тақырып бойынша бейнесюжет көрсетіліп, командалар балдық жүйемен бағаланды. Олимпиаданың екінші кезеңі Kahoot платформасында …