Түркістан қалалық сотында екі адамды «екі қой ұрладың» деп азаптаған алты полицей үш жарым жылдан төрт жылға дейінгі түрме жазасына кесілді. Сот оларды «заңсыз ұстау» және «азаптау» баптарымен кінәлі деп тапты. Сот үкімін тыңдауға жүзден аса адам жиналып, ал сот залына сыймағандар сыртта қалды, тағы ондаған адам сот кабинетінің терезесінен қарап тұрды. Жиналғандар мен сотталушылар