Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше аудандағы үйлердің аулаларын су басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ТЖМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Сайрам, Мақтаарл, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды.