Түркістан облысында 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді. Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде. Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Аталған фактінің орын алғанын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады. «Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын […]