Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 10-сынып оқушысы жасанды интеллект қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. №4 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жансерік Камал 13 жасынан бастап смартфонның кең мүмкіндіктерін меңгеріп, сол арқылы табысқа қол жеткізе бастаған.