Мемлекет басшысы Түркістан облысында ресми сапарда жүр. Президент өңір тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Содан кейін Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті. Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғамыз осында жерленген. Былтыр қалаға «Түркі әлемінің рухани астанасы» деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді