Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан алматылық заңгерлер Анна ДмитриевичпенОлег Чернов тағы бір адамды қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы, деп хабарладыOrda.kz. Бұл істе өтірік куәлік еткен Нұрасыл Болаттың досы сөз болып отыр. Ол Нұрасыл Болаттың досы. Төбелес кезінде оның жағында болды. Тергеу кезінде оқиғаға қатысты өтірік айтты. Сол үшін заң алдында жауап беруі тиіс, деді Дмитриевич.