Қазақстанда сотталған 1700-ден аса әйел жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді. Ел бойынша 79 түзеу мекемесі бар. Олардың ішінде сотталған әйелдер жазасын өтейтін 6 мекеме жұмыс істейді. Олар Алматы облысы Іле ауданындағы Жауғашты кентінде (560 әйел), Атырау қаласында (163 әйел), Абай облысы Жарма ауданындағы Жанғызтөбе ауылында (157 әйел),