Теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі Қазақстан халқын ғана емес, ресейліктерді де дүр сілкіндірді. Елена Мәскеуде туылып, 18 жасына дейін Ресейде жаттыққан. Алайда кейін Қазақстан құрамасына ауысып, азаматтығын өзгерткен. Рыбакинаның жеңісінен кейін екі елдің теннис федерациясы арасында талас-тартыс басталды. Дегенмен бір нәрсе аян: өз мансабындағы басты жетістіктерге (Уимблдон және әйелдер турниріндегі екі титул) Рыбакина Ресейдің емес,