Елімізде енді тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар ескерту немесе айыппұлмен құтылып кете алмайды. Оларға заң күшейтілді. Жәбірленуші полицейлерге арыз бермесе де, қаскөйлер жауапкершілікке тартылады. Куәгерлер, көршілерінің айғақтары мен бейнебақылау камераларының жазбалары болса, тәртіп сақшылары хаттама толтырады. Отбасылық зорлық-зомбылықтан соң тараптардың бірнеше рет татуласуына мүмкіндік берілмейді. Жәбірленуші мен зәбір көрсетуші сот арқылы тек бір рет татуласа алады. Отбасылық