Отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Ал құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып