Семей тұрғыны полицияға туысы үйін өз атына рәсімдеп алғанын айтып, шағымданды деп хабарлады turkystan.kz. 15 мамыр күні Семей қалалық полиция басқармасына 68 жастағы тұрғын жүгінген. Ол 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасатамын деген сылтауымен үйін өз атына рәсімдеп алғанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 10 млн теңге. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. …